Әуесқой бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатының күні мен өтетін уақыты жарияланды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

ХХІ рет өткізілетін әлем чемпионаты 26 қазан мен 6 қараша күндері Сербияның Белград қаласында өтеді. Алдыңғы әлем чемпионаты Ресейдің Екатеринбургінде өткен еді. Онда қазақстандық боксшылар 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп, командалық есепте 3-орынға ие болды.

Айта кетейік, бокстан әлем чемпионаты 1974 жылдан бері өтіп келеді. 20 рет өткен әлем чемпионатында үздік нәтижеге жеткен алты елдің боксшыларын ұсынамыз.1-орын Куба 77+35+26=138;2-орын Ресей 26+21+22=69;3-орын Америка 16+11+19=46;4-орын СССР 15+11+17=43;5-орын Қазақстан 12+13+21=46;6-орын Өзбекстан 9+14+18=41.

Айбек МҰХАНОВ