Әлем чемпионатының өтетін уақыты анықталды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызӘуесқой бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатының күні мен өтетін уақыты жарияланды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
ХХІ рет өткізілетін әлем чемпионаты 26 қазан мен 6 қараша күндері Сербияның Белград қаласында өтеді. Алдыңғы әлем чемпионаты Ресейдің Екатеринбургінде өткен еді. Онда қазақстандық боксшылар 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп, командалық есепте 3-орынға ие болды.
Айта кетейік, бокстан әлем чемпионаты 1974 жылдан бері өтіп келеді. 20 рет өткен әлем чемпионатында үздік нәтижеге жеткен алты елдің боксшыларын ұсынамыз.
1-орын Куба 77+35+26=138;
2-орын Ресей 26+21+22=69;
3-орын Америка 16+11+19=46;
4-орын СССР 15+11+17=43;
5-орын Қазақстан 12+13+21=46;
6-орын Өзбекстан 9+14+18=41.
Айбек МҰХАНОВ