Екінші орта салмақта WBC, WBA және WBO тұжырымдарының Сауль «Канело» Альварес келесі жекпе-жегін абсолютті чемпион атағы үшін өткізеді.

Talksport басылымының мәліметінше, «Канелоның» командасы IBF чемпионы Калеб Плантқа қарсы жекпе-жекті ұйымдастыруды қолға алды.

Еске сала кетейік, 9 мамырда таңертең Сауль Альварес пен Билли Джо Сондерс Арлингтонда (Техас, АҚШ) жекпе-жек өткізді. Мексикалық техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Британдық кездесуден кейін ауруханаға түсті.