The Telegraph басылымының журналисі Гарет Дэвис британиялық боксшы Билли Джо Сондерс алдағы уақытта кіммен жұдырықтасуы мүмкін екенін жазды.

– Сондерс «Канелоға» қарсы үлкен жекпе-жектен соң үш боксшымен жұдырықтаса алады. Біріншісі, Геннадий Головкин. Жекпе-жек орта не аралық салмақта өтуі мүмкін. Одан кейін Каллум Смит, болмаса Крис Юбэнк, - деп жазды ол.

Айта кетейік, Джо Сондерс соңғы жекпе-жегін Сауль Альвареске қарсы өткізіп, жеңіліп қалған еді.