Испаниялық теннисші Рафаэль Надаль Франция ашық чемпионатында топ жарды, деп жазады Prosports.kz.
Надаль финалда ATP рейтингісінде бірінші орында тұрған сербиялық теннисші Новак Джоковичті жеңді.
Матч 2 сағат 41 минутқа созылған кездесу 6:0, 6:2, 7:5 есебімен аяқталды.
Осылайша, 34 жастағы испаниялық спортшы мансабында 20-мәрте «Үлкен дулыға» турнирін жеңіп алып, осы көрсеткіш бойынша рекордшы Роджер Федерерді қуып жетті.
Комментарии