12 қазан күні Санкт-Петербургте тенниснен кәсіби спортшылар арасындағы ашық чемпионат басталды деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Михаил Кукушкин Беларусь өкілі Егор Герасимовпен жұптасып сынға түскен болатын. Өкінішке қарай, алғашқы кездесуде-ақ Евгений Донской/Роман Сафиуллин жұбына 5:7, 4:6 есебімен жол берді.

Айта кетелік, Кукушкин жекелей сында да өнер көрсетеді. Оның алғашқы қарсыласы – сербиялық Миомир Кецманович.