Неміс теннисшілері Кевин Кравиц пен Андреас Мис Францияның ашық біріншілігінде жұптық сында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалдық кездесуде Кравиц пен Мис хорват Мате Павич пен бразилиялық Бруно Суаресті 6: 3, 7: 5 есебімен жеңді.

Кравиц пен Мис үшінші жыл бірге ойнап келе жатыр. Олар өткен маусымда Нью-Йорк пен Антверпенде өткен ATP 250 турнирлерінде, сондай-ақ Франция ашық біріншілігінде жеңіске жетті.