Польшалық Ига Швентек әйелдер арасындағы жекелей сында «Ролан Гаррос» турнирін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалдық кездесуде WTA рейтингінде 53-орынды иеленіп отырған 19 жастағы теннисші америкалық София Кенинді 6:4, 6:1 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 20 минутқа созылды.

Айта кету керек, Ига WTA деңгейіндегі турнирлерге бұрын бір рет қана қатысқан. Швентек 17 жасында Луганода өткен турнирдің финалына жетіп, Полона Херцогқа есе жіберді.