9 қыркүйекте Мәскеуде Ирина Винер-Усманова атындағы гимнастика сарайында Абдулманап Нурмагомедовты еске алуға арналған аралас жекпе-жектен FNG&GFC 28 турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Кеш аясында алғашқы кардта 12 жекпе-жек, негізгі кардта бес жекпе-жек өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Дәурен Ермеков пен ресейлік Владимир Минеев жұдырықтасады. Бұл кездесуде Fight Nights Global чемпиондық титулы сарапқа салынады.

Бұл кеште Дәурен Ермековтен бөлек, Мұратбек Қасымбай, Гойти Дазаев, Сәбит Жүсіпов, Дархан Бәкенов, Азамат Марқабаев және Сұлтан Жолдошбек қатары қазақстандық файтерлер өнер көрсетеді.

Абдулманап Нурмагомедовты еске алуға арналған турнирдің тікелей трансляциясы Қазақстанда «Қазақтелеком» компаниясының Youtube-арнасында көрсетіледі. Кеш Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталады.

Сондай-ақ, елорда уақыты 23:15-тен бастап турнирді «Хабар» телеарнасы көрермен назарына ұсынайды.

FNG & GFC турнирі алдында қазақстандық спортшылар салмақ өлшеу рәсіміне қатысты

Сергей Морозов UFC-дегі дебютін «Сарбаздар аралында» өткізеді

Тамыз айындағы рейтинг: Қазақстандық файтерлердің көрсеткіші қандай

Сергей Морозов Хабиб Нурмагомедовтің інісімен жекпе-жек өткізеді