Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы биылғы маусымды қайта жандандыра бастады.

Бүгінге дейін Монакода "Гауһар лигасының" кезеңі өтіп, әлемдік рекорд жаңарған болатын.

"Гауһар лигасының" келесі кезеңі 23 тамыз күні Швецияның Стокгольм қаласында өтеді.

Аталған додаға қатысуға бірнеше әлем чемпиондары өтініш берген. Олардың қатарында Тимоти Черуйот, Хеллен Обири, Карстен Уорхолм, Донаван Брейзерлер бар.