Коронавирус пандемиясына байланысты Париж марафоны ұйымдастырылмайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Күнтізбелік жоспар бойынша Франция астанасы Парижде марафон 2020 жылдың 15 қарашасында өтуге тиіс еді.

«Осы уақытқа дейін жарысты сақтап қалу үшін барымызды салғанымызбен, енді марафонды өткізбеуден басқа амалымыз жоқ. Қазіргі кезде қатысушылардың, әсіресе, шетелден келетін атлеттердің жағдайын ескере отырып, Париж марафонын 2021 жылы өткізген дұрыс деп шештік», - дейді ұйымдастырушылар.

Бастапқыда Париж марафоны бастапқыда 5 сәуір күніне жоспарланған. Одан кейін доданың өткізілетін уақыты екі рет ауыстырылды. Атап айтқанда, әуелі 18 қазанға, кейін 15 қарашаға шегерілген болатын.