Мадридтегі марафон ұйымдастырушылар 2020 жылғы жарыстың өтпейтінін хабарлады.

Мұндай шешім қабылдауға коронавирус инфекциясының кеңінен таралуы себеп болған. 26 сәуірде өтуі тиіс марафон 15 қарашаға ауыстырылған. Нәтижесінде, ұйымдастырушылар турнирді 2021 жылға қалдырды.

Әзірге, Мадрид марафоны келесі жылдың 26 қыркүйегінде өтеді деп жоспарлануда. Айта кетелік, бұған дейін Бостон, Берлин және Нью-Йорктағы марафондар өткізілген жоқ.