23 тамыз күні Швеция астанасы Стокгольмде жеңіл атлетикадан "Гауһар лигасы" кезеңі өтеді. Бұл туралы Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы хабарлады.

Көптен бері үзіліс алған жеңіл атлетика бәсекесі әлемде қайта жанданды. Стокгольмдегі додаға көптеген әлем және Олимпиада чемпиондары қатысады деп жоспарлануда.

Атап айтар болсақ, әлемдік жеңіл атлетика жұлдыздары Мондо Дуплантис, Даниэль Шталь, Катерина Стефаниди, Карстен Уорхольм және басқа да танымал атлеттер бақ сынайды.

Айта кетелік, Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы жарыс кезінде қауіпсіздік шаралары түгел сақталатынын мәлімдеді.