2020/2021 маусымда Қазақстан атынан Еуропа лигасында өнер көрсететін командалардың бірі «Қайраттың» алғашқы іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды. Алматылық клуб Арменияда дүлей күшке айналған «Ноа» клубымен келесі кезең жолдамасының тағдырын сарапқа салады, деп жазады Prosports.kz.

«Ноа» 2017 жылы құрылған клуб. Алғашқы маусымда-ақ жоғарғы лигаға жолдама алды. Премьер-лигадағы алғашқы маусым сәтсіз болып, жас клуб чемпионатта 9 команданың ішінен сегізінші орынды иемденеді. Сол маусымда команда «Арцах» атауымен өнер көрсетті.

Тұңғыш рет чемпион атанған. «Астананың» қарсыласы «Динамо-Брест» қандай клуб?

Өткен маусым еревандық клуб үшін өте сәтті болды. Біріншілік басталар алдында басшылық клуб атауын «Ноа» деп өзгертеді. Команда тізгінін жас молдовалық мамандар Игорь Пикущак пен Вадим Борецке сеніп тапсырады. Чемпионат қорытындысы бойынша команда бесінші орынды иемденіп, форматқа сәйкес, командалар екі топқа бөлініп, «Ноа» чемпиондыққа үміткер болып шыға келеді. Нәтижесінде команда 10 ойында 2 рет қана ұтылып, Армения чемпионатының күміс жүлдегері атанады.

«Ноа» Арменияда күміс жүлдемен ғана шектеліп қалған жоқ. «Арарат-Арменияға» біріншілікте алтын медальды беріп қойғанымен, ел кубогының финалында дәл осы командадан есе қайтарды. Бірінші таймнан соң «Ноа» 1:4 есебімен ұтылып жатса да, ойынның екінші бөлігінде матч тағдырын «төңкеріп» кетті. Таразы басын теңестіріп қана қоймай, есепті 5:4-ке жеткізген. Әйткенмен, «Арарат-Армения» ел чемпиондары екенін еске түсіріп, жауапты бесінші допты соға алды. Бірақ пенальти сериясында «Ноаға» сәттілік серік болды. Пенальти сериясында 7:6 есебімен ұтты. Құдды бір «Стамбулдағы ғажайып финал» дерсіз.