Еуропа лигасы: «Қайрат» пен «Ордабасының» қарсыласы анықталды

Еуропа лигасы: «Қайрат» пен «Ордабасының» қарсыласы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан УЕФА-ның штаб-пәтерінде Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп жазады Prosports.kz.

Бірінші іріктеу кезеңіне еліміздің атынан екі команда қатысады. Олар алматылық «Қайрат» пен шымкенттік «Ордабасы» командалары. Ал ел кубогын жеңіп алған «Қайсар» жарыс жолына екінші айналымнан бастап шығады.

Сонымен жеребе қорытындысына сай, «Ордабасы» румыниялық «Ботошани» клубымен, ал «Қайрат» армениялық «Ноа» командасымен кездеседі.

Алғашқы айналымда бақ сынайтын қос командамыз да өз алаңында ойнайды. Кездесулер 27 тамызда өтеді.

Айта кетейік, бұл кезеңде командалар бір матчтан ғана өткізеді.

«Астана» – «Динамо» жұбының жеңімпазы кіммен кездеседі?

Чемпиондар лигасы: «Астана» бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласын білді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер