11 тамызда Алматыда ақтаулық «Каспий» «Ақтөбемен» жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Премьер-лигада ойнайтын Срджан Благоевичтің командасы Бірінші лигада өнер көрсететін ақтөбелік команданы 3:0 есебімен жеңді. «Каспийдің» құрамынан Биллал Себаихи дубль авторы атанды және Алмас Арменов та мергендік танытты.