Биыл «Ертіске» ауысқан Белорусь құрамасының қақпашысы БАТЭ футбол клубының құрамын толықтырады.

31 жастағы футболшы спорттағы мансабын «Неман» командасында бастаған. Футболдағы мансабында борисовтік «БАТЭ» футбол клубында да доп тепкен. Сол команданың сапынды 101 матч өткізген. Оның 23 ойыны Чемпиондар лигасының аясында. Сергей Франияның бірінші лигасында үш жыл бойы «Нансидың» намысын қорғаған.

2013 және 2015 жылдары Белорусияның үздік қақпашысы атағына ие болған. Биылғы маусымның алдында қазақстандық «Ертістің» сапын толықтырды.

«Прессбол» басылымының мәліметінше, жақында Сергей Черник БАТЭ командасын ауысады. Беларусь клубы еуродода алдында қақпадағы позициясын күшейтпек.