«Каспий» футбол клубының ойыншысы Еркін Тапалов қарағандылық «Шахтерге» ауысады.

26 жастағы жартылай қорғаушы осы маусымда маңғыстаулық клуб сапында екі ойынға қатысты.

Еркін Тапалов мансабын 2011 жылы оралдық «Ақжайық» сапында бастаған. 2019 жылы ол талдықорғандық «Жетісуда» өнер көрсетті.

Премьер-лигада жалпы 96 матчқа қатысып, 1 гол соққан.