Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасының клуб басшыларымен кезекті бейнеконференциясы аясында Бірінші лига жүйесі бойынша бойынша бірқатар шешімдер қабылданды, деп хабарлайды Prosports.kz ҚКФЛ-ге сілтеме жасап.

Бірінші лига чемпионатын жүйе бойынша клубтарды екі конференцияға бөлу ұсынылды. Біріншілік бір айналым болады. Матчтар елдің басты чемпионатындағыдай бір жерде өтеді.

Екінші лига чемпионатын өткізу жолы әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Үкімет кәмелетке толмаған футболшылардың турнирге қатыспауына кеңес береді. Бірақ ҚКФЛ мен ҚФФ-ның қысқартылған формула бойынша Екінші лига чемпионатын өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр, оны мүлдем өткізбеу жоспарда жоқ.

Ойынның күнтізбесі елдің бас чемпионаты қайта басталғаннан кейін ғана қалыптасады.