Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингісін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Кезекті рейтингте Қазақстан ерлер құрамасы 118-орынды (1155 ұпай) сақтап қалды.

Әлем құрамалары арасында Бельгия футболшылары көш бастап тұр (1765 ұпай). Ал екінші, үшінші орындарға Франция (1733 ұпай) мен Бразилия (1712 ұпай) жайғасқан.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жаңа маусымдағы алғашқы ойындарын 27 және 30 наурыз күндері Литва және Армения құрамаларына қарсы өткізуі керек еді. Алайда тұтас дүниені табанынан тік тұрғызған коронавирус пандемиясы бұл жоспарды жоққа шығарды. Бүкіл әлемде жарыстар уақытша тоқтатылды.

Бірақ жақында ұлттық құраманың Черногориямен жолдастық ойын өткізетіні белгілі болды. Бұл ойын биыл күзде өтеді.

ФИФА рейтингісі:

1. Бельгия - 1765;2. Франция - 1733;3. Бразилия - 1712;4. Англия - 1661;5. Уругвай - 1645;6. Хорватия - 1642;7. Португалия - 1639;8. Испания - 1636;9. Аргентина - 1623;10. Колумбия - 1622;

...

66. Албания – 1356;87. Беларусь - 1283;118. Қазақстан - 1155;131. Литва - 1089.

«Мені «Тобыл» басшылары қорқытып, бопсалады»УЕФА Еуропа лигасының үздіктер рейтингіне қазақстандық клубтарды қостыҚазақстан құрамасы Черногориямен кездеседі