WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) Геннадий Головкиннен емес Сауль Канело Альвареспен жұдырықтасатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кез келген боксшыны жеңе алатыныма сенімдімін. Соның ішінде Альварес. Күмәнім жоқ. Менің бокс деңгейім - бір төбе. Ешкімге есе жібермедім. Мансабымды жеңіліссіз аяқтайтыныма сенімдімін. Ия, мен Альваресті жеңгім келеді. Мексикалықты көбісі мінсіз санайды. Олар айтқандай, егер сіз мықты болғыңыз келсе - ең мықтыны жеңіп, бәрін мойындатыңыз. Сондықтан менің онымен кездесуге деген құлшынысымда таңқаларлық ештеңе жоқ».

Альварес Геннадий Головкинді жеңді. Қазақстандық та жақсы қарсылас, бірақ егер менің таңдау құқығым болса, мен «Канеломен» жұдырықтасқым келеді. Негізі екеуімен де төбелесуден қашпаймын», - деді Сондерс.

Эдди Хирн Головкин - Альварес жекпе-жегінің қашан өтетінін айтты

Головкиннің корпустан ұрған үздік соққылары

Головкин Шереметамен жекпе-жектен бас тартса белбеуінен айырылады

Головкин - Альварес трилогиясы 2021 жылға шегерілді