Ағылшын Премьер-лигасы 19, 21 және 22 мамырда өткен коронавирусқа тестілеу туралы есеп берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лига сайтының хабарлауынша, сынақтан 996 футболшы мен барлық клуб қызметкері өткен. Ауру екі клубтың ойышысынан табылды, олар жеті күнге оқшаулануға жіберілді.

17 және 18 мамырда өткен алғашқы тексеру кезінде үш түрлі клубта ойнайтын алты адамда коронавирус анықталған. Алайда, олар статистикаға енгізілмеген, өйткені науқастар әлі жеті күндік оқшауда отыр.