Беларусь чемпионатының 10 туры аясында өткен «Рух» – «Слуцк» арасындағы матчта қазақстандық футболшы көзге түсті.

Ойынның соңғы минуттарында алаң қожайындары сапынан Егор Семенов есепті ашқан. Алайда арада ұзақ уақыт өтпестен қазақстандық шабуылшы Владислав Васильев таразы басын теңестірді.

Осылайша қос команда тең тарқасты. Қазір қазақстандық футболшы өнер көрсететін «Рух» Беларусь чемпионатында 14 ұпаймен жетінші орында келеді.