Дортмундық «Боруссияның» спорт директоры Михаэль Цорк жартылай қорғаушы Марио Гетценің командадан кететінін растады.

– Гетцемен келісімшарт мерзімі жазда аяқталады. Бұл біздің бірге шешкен шешіміміз. Марио - өте жақсы жігіт, - деді Михаэль Цорк Sky Sport Deutschland басылымына берген сұхбатында.

Марио Гетце келісімшарты аяқталған соң мансабын Италияда жалғастыру мүмкін. Өйткені қазірдің өзінде футболшыға «Милан», «Лацио» және «Рома» командалары қызығушылық танытып отыр.