«Севилия» академиясының 18 жастағы футболшы Диего Фернандес Талаверон Еуропаның үздік командаларының назарына ілінді.

Биылғы маусымда нәтижелі ойынымен көзге түскен жас футболшыға «Аякс», «Барселона» мен «Реал» қызығушылық танытып отыр.

ABC басылымымның мәліметінше, Диего Талаверон қазір «Севилиямен» келісімшарт мерзімін ұзарту жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, биылғы маусымда жас шабуылшы Ұлттық жастар лигасында 22 матч өткізіп, 22 гол соққан.