DAZN промоутері Эдди Хирн қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің IBF чемпиондық белбеуінен айырылуы мүмкін екені туралы айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.
Күзде GGG польшалық Камила Шереметаға қарсы жекпе-жек өткізуден бас тартып, мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасуды шешсе орта салмақтағы IBF белбеуінен айырылуы мүмкін.
– DAZN Головкиннің қыркүйекте «Канеломен» жекпе-жек өткізгенін қалайды. Егер бұл жекпе-жек өтетін болса Головкин IBF белбеуінен айырылады. Өйткені IBF чемпиондық белбеуіне қатты қарайды. Дегенмен GGG Шереметаға қарсы жекпе-жекке келісімшартқа отырып, IBF-ке белбеуді қорғайтыны жөнінде электронды хат жіберді, - деді Эдди Хирн.
Комментарии