UFC-дің бұрынғы абсолютті чемпионы Тито Ортис бокстан аса ауыр салмақта чемпион Майк Тайсонды жекпе-жекке шақырды.

«Аңыз аңызға қарсы. Қашан жекпе-жеу өткіземіз?» – деп жазды Тито Ортис Instagram-парақшасында.

Тито Ортис мансабын әлі аяқтаған жоқ. 45 жастағы спортшы соңғы жекпе-жегін Combate Americas 51 турнирінде өткізді.

Айта кетейік, 53 жастағы Майк Тайсон жақында боксқа оралуды ойлап жүргенін мәлімдеген болатын.