Мексикалық боксшы Сауль Альварес британиялық Билли Джо Сондерспен жекпе-жек өткізуге дайын, кездесу көрерменсіз өтуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Vringe сайтына сілтеме жасап.

Британиялық басылым инсайдерлеріне сүйеніп, Канело күздің басында суперорта салмақта WBO чемпионымен жекпе-жек өткізуге келісімін бергенін хабарлады.

«Альварес қыркүйекте жабық есік түрінде жекпе-жек өткізуді қолдайды. Ол боксқа 100 пайызға берілген», - дейді инсайдер.

Қазіргі уақытта Golden Boy Promotions кездесудің өтетін орнын қарастырып жатыр.

2020 жылғы ТОП-5 жекпе-жек: Тізімде GGG - «Канело» трилогиясы да бар

«Канело» жекпе-жегін көрерменсіз өткізуі мүмкін

Бокс сарапшысы: «Канело» Головкинді нокаутқа түсіре алмайды

ВИДЕО. Альварес WBC және WBO чемпионымен спарринг өткізді