Азия чемпионы және әуесқой бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой рингтегі дебют жекпе-жегі алдында жаттығу процесін жалғастырып жатыр.

Құлахмет өзінің кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегін 28 наурызда Алматыда өткізуді жоспарлаған еді. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда төтенше жағдай мен карантиннің енгізілуіне байланысты бокс кеші өтпейтін болды

.