«Атлетик Бильбао» футбол клубының шабуылшысы Ариц Адурис мансабын аяқтады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы футболшы твиттер желісіндегі жеке парақшасында жазды. Адуристің айтуынша, жасыл алаңда жалғасты доп тебуге денсаулығы жар бермеген көрінеді.

39 жастағы шабуылшы «Атлетик Бильбаодың» ХХІ ғасырдағы үздік сұрмергені. Аталған клуб сапында 405 матчқа қатысып, 172 гол соққан.

2015 жылы Адурис «Атлетик» сапында Испания Суперкубогын жеңіп алды. Бұл сында «Барселонаны» екі матчтың қорытындысы бойынша жеңді (4:0, 1:1). «Барселона» қақпасына соғылған бес голдың төртеуін Адурис соқты (Бірінші ойында хет-трик орындаған).

Бұдан бөлек, екі мәрте Еуропа лигасында маусымның үздік сұрмергені (2015/16, 2017/18) атанған. Еуропа лигасы тарихындағы пента-трик орындаған алғашқы ойыншы. 2016/17 жылғы маусымда «Генк» қақпасына бір ойында бес гол соққан.

Сондай-ақ шабуылшы «Ауррера», «Бургос», «Вальядолид», «Мальорка» және «Валенсия» клубтарында өнер көрсетті. Сонымен қатар Испания ұлттық құрамасында 13 ойын өткізіп, 2 гол соққан.

Ал биылғы маусымда 17 ойынға қатысып, бір гол соқты. Бұл Адуристің мансабындағы ең үздік голдардың бірі екені сөзсіз. Испания Ла лигасының алғашқы турында «Барселона» қақпасына қайшылап теуіп әдемі гол соқққан еді.

Испания чемпионаты қашан басталады

Эль-Класико кезінде террористік шабуыл жасауды жоспарлаған марокколық ұсталды