Әлем футболы

Эль-Класико кезінде террористік шабуыл жасауды жоспарлаған марокколық ұсталды

Эль-Класико кезінде террористік шабуыл жасауды жоспарлаған марокколық ұсталды
news-banner7
mobile-news-top

Барселона полициясы Эль-Класико кезінде террористік шабуыл жасауды жоспарлаған күдіктіні тұтқындады, деп жазады Prosports.kz.

Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, 33 жастағы марокколық азамат 8 мамыр күні Барселона қаласында ұсталған.

Ол «Барселона» мен «Реал Мадрид» арасындағы матч кезінде дронмен шабуыл ұйымдастыруды жоспарлаған көрінеді. Бірақ кейін коронавирусқа байланысты матчтар тоқтатылғандықтан, ол жоспарын өзгертіп, көшеде жүрген бейбіт тұрғындарға пышақпен шабуылдамақшы болған. Оның басты нысанасы супермаркеттерде кезекте тұрған сатып алушылар мен қоғамдық көлікте отырған жүргіншілер болған көрінеді.

Айта кетейік, «Барселона» мен «Реал Мадрид» арасындағы желтоқсанда өткен кездесуде гол соғылған жоқ. Ал наурыз айында «Саньяго Бернабеуде» өткен ойында алаң қожайындары 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ресми: Германия чемпионаты 16 мамырда жалғасады

Германия чемпионаты: Бір ойында 5 футболшы алмастыруға болады

Испания чемпионаты қашан басталады

Зайнутдинов, Қуат және Бахтияров 21 маусымда жасыл алаңға оралады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер