«Интер» осы жазда Каваниді өз қатарына қосу үшін барын салады.

Уругвайлық шабуылшы ағымдағы маусымның соңында еркін агент атанады, сондықтан ол басқа клубқа ақысыз ауыса алады.

Айта кетейік, ойыншыға «Атлетико», «Манчестер Юнайтед» және «Ньюкасл» клубтары да үміткер.

33 жастағы Кавани А сериясында Палермо, содан кейін «Наполи» намысын қорғады. 2013 жылы «ПСЖ» сапына 64 миллион еуроға ауысқан. Осы маусымда Кавани «ПСЖ» құрамында 22 ойын өткізіп, 7 гол соқты.