Германия Бундеслигасы 16 мамыр күні қайта жалғасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл шешім дәл қазір өтіп жатқан Германия футбол лигасының (DFL) бейнеконференциясында мақұлданды.
Алғашқы кездесу 16 мамыр, сенбі күні дортмундтық «Боруссия» мен «Шальке-04» арасында өтеді. Ойындарға көрермен жіберілмейді.
Бұған дейін Германия үкіметі чемпионаттың мамыр айының екінші жартысында жалғасуын мақұлдап, нақты басталатын күнді Лиганың өз бетінше таңдауына рұқсат берген болатын.
Айта кетейік, Германия чемпионаты COVID-19 пандемиясына байланысты 13 наурыз күні тоқтатылған болатын.
Комментарии