«Реал Мадрид» футбол клубы жартылай қорғаушы Каземироның келісімшарт мерзімін ұзартуға ниетті, деп жазады Prosports.kz.

28 жастағы футболшымен қазіргі келісімшарттың мерзімі 2021 жылы аяқталады. Егер жаңа келісімшарт жасалмаса, ойыншы келесі жылы қаңтардан бастап өзіне жаңа команда іздеуге құқылы.

Бірақ мадридтік клуб Каземироны алып қалуға тырысады. Бас бапкер Зинедин Зидан оған ерекше сенім артады.

Клуб басшылары бразилиялық ойыншыға 2023 жылға дейін жарамды жаңа келісімшарт ұсынған. Онда ойыншының жалақысы қазіргіден айтарлықтай жоғарылайды. Алайда COVID-19 пандемиясына байланысты келіссөз уақытша тоқтап тұр.