Бүкіләлемдік садақ ату федерациясы (World Archery) спортшылар мен бапкерлерге және төрешілерге арналған жазғы саммиттер ұйымдастырады.

Қашықтықтан өткізілетін семинарларда эксперттер презентация өткізеді. Ал қатысушылар үйде отырып-ақ, білімін жетілдіруге мүмкіндік алмақ.

Айта кетелік, коронавирус індетіне байланысты федерация барлық халықаралық жарыстар мен басқа да іс-шараларды тоқтатты.

Спортшылар саммитінде спорттағы психология, жарыс қарсаңында бабыңа ену және таза спорт мәселелері қарастырылады.