Қазақстандық спортшы Лия Қошқарбаева PUNOK CHALLENGE халықаралық онлайн-турнирінде виртуалды катадан (Virtual kata) жеңімпаз атанды.

Аталған додаға ұлттық құраманың 17 жасқа дейін мүшелері қатысқан болатын. Виртуалды жарыста 18 мемлекеттен 100 каратэші қатысып, төрешілер онлайн-режимде бақылап отырды.

Бірнеше айналымнан соң қазақстандық Лия Қошқарбаева мен канадалық Роксанна Кэригнан финалға шықты. Бұл жолы Лия өз мүмкіндігін жібермей, каратэ тарихындағы виртуалды турнирдің тұңғыш чемпионы атанды.