Қазақстандық ұжым «Konina Power» PUBG Mobile World League Spring 2020 көктемгі чемпионаттың негізгі кезеңіне өтті, деп жазады Prosports.kz сайты.

PMCO Spring Split 2020 аймақтық жарыстың финалында «Konina Power» командасы ең көп ұпай жинап, Еуропа чемпионы атанды.

Осы көрсеткіші үшін қазақстандық ұжым 15 мың доллар мөлшерінде сыйақы мен әлем лигасының батыс дивизионына жолдама алды.

«Konina Power» ұжымын биыл қазақстандық киберспортшылар Асқар «DGR» Ахметов пен Нұрсұлтан «GONZO» Нартбаев құрған. Командаға Дамир «AXZCER» Омаров, Даваадорж «Robdinni» Мунхбат пен Даниил «Tixzy» Сучков қосылды.