Германияда, Нидерландыда және Финляндиядағы MotoGP класындағы әлем чемпионатының кезеңдері коронавирусқа байланысты өтпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін шешім қабылдаубелгісіз мерзімге кейінге шегерілетіні хабарланған болатын. Германиядағы кезең 19-21 маусымда, Нидерландыда - 26-28 маусымда, Финляндияда - 10-12 шілдеде өтуі керек еді.

Естеріңізге сала кетейік, MotoGP чемпионатының 2020 маусымы коронавирустық пандемияға байланысты басталмады. MotoGP сайтындағы күнтізбедегі келесі жарыс Чехияда 9 тамызда өтеді деп жоспарланған.