«Барселона» мен Марк-Андре тер Штеген ынтымақтастықты жалғастыру туралы келіссөздерді кейінге қалдырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Блауграна» мен неміс қақпашысы арасында айтарлықтай келіспеушіліктер жоқ. Каталондық клуб коронавирус пандемиясы клубтың қаржылық жағдайына қаншалықты әсер ететіні анық болғанша келіссөздер процесін тоқтатуға шешім қабылдады.

Айта кетейік, «Барселона» мен тер Штеген арасындағы қазіргі келісімшарт мерзімі 2022 жылдың жазына дейін есептелген.

Transfermarkt қақпашыны 72 миллион еуроға бағалап отыр.