Италия премьер-министрі Джузеппе Конте коронавирусқа байланысты енгізілген карантиндік іс-шаралар 4 мамырдан бастап жеңілдетілетінін, бірақ мектептер қыркүйекке дейін ашылмайтынын растады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport24 сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, 2021 жылдың қыркүйегіне дейін көрермендер стадионға жіберілмеуі мүмкін.

«Біз 4 мамырдан бастап елдегі бизнестің көп бөлігі, өндірістен бастап құрылысқа дейін, ашық болуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Біз бұдан әрі оқшаулау режимін ұзарта алмаймыз, өйткені елдің әлеуметтік-экономикалық құрылымын құлатуымыз мүмкін. Біз жаңа жоспардың егжей-тегжейін келесі аптаның басынан кешіктірмей жариялаймыз», - деді Конте.

Енді 4 мамырдан бастап жекелеген жаттығулар қайта басталмақ. Бірақ спортшылардың топтасып жаттығуын 18 мамырда бастау туралы ұсыныс жасалған.

Осылайша, маусым жақын уақытта жалғаспауы мүмкін.

Еске салайық, футболдан Италия чемпионаты коронавирусқа байланысты 10 наурызда тоқтатылған болатын.

Италия чемпионатының қалған турлары ойнатылады

«Рома» футболшылары 4 ай бойы жалақы алмауға келісті

Италия чемпионаты мамыр айының соңында басталады

Коронавирус пандемиясы спорт саласына қалай әсер етті