Футболдан Мексика чемпионаты жалғаспайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport24 сайтына сілтеме жасап.

Мексикалықтар 2019-20 жылғы маусымды мерзімінен бұрын аяқтады, чемпион анықталған жоқ. Сондай-ақ, мексикалық кәсіпқой және әуесқой лигалардағы барлық сайыс өтпейтін болды.

Еске салайық, бүгінге дейін Мексика чемпионатында 10 тур ойналған. «Крус Асуль» 22 ұпаймен көш бастап тұрған. «Леон» одан бір ұпайға қалып тұрды. «Леон» үшінші орындағы «Сантос Лагунадан» 17 ұпайға озып кеткен.

Нидерланд чемпионатының жеңімпазы неге анықталмайды

Ресми: Ла Лиганың қалған турлары ойнатылады

АПЛ жазда жалғасуы ықтимал