«Эвертон» шабуылшысы Мойзе Кин карантин кезінде модельдермен сауық кешін өткізген, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

The Sun мәліметі бойынша, 20 жастағы футболшы достары мен модельдерді Чеширдегі пәтеріне шақырған. Интернетте «Карантиннен тазару» деген жазбамен суреттер тарады.

«Кеш таңға дейін созылды. АПЛ жұлдыздарына жұмыс істемегені үшін үлкен жалақы төлейді. Бұл жұмысынан айырылған немесе жалақысы қысқарған адамдардың ашуына тиюі керек. Олар өздерін ережеден жоғары деп санайды», - дейді ақпарат көзі.

«Эвертон» Кинді осы әрекеті үшін сынады.

«Клуб үнемі үкіметтің барлық ұсынысын, соның ішінде үйде және одан тыс тәртіп ережелерін сақтау маңызын баса айтады. Біз барлық қызметкер мен ойыншыға ресми хабарламалар жібереміз», - делінген хабарламада.

Ұлыбритания Мәдениет министрі: АПЛ-дың қалған матчтары тегін өтсін

АПЛ клубтары маусымды мерзімінен бұрын аяқтауды тағы да талап етті

АПЛ маусым айында басталады