Коронавирус пандемиясына байланысты Transfermarkt порталы футболшылардың трансфер нарығындағы құнына өзгерістер енгізді, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының көшбасшы ойыншылары Бауыржан Исламхан, Георгий Жуков, Исламбек Қуат және Бахтиёр Зайнутдиновтың да бағасы аздап төмендеді. Алғашқы үш ойыншы 2019 жылдың желтоқсан айында «Қайраттан» еркін агент ретінде кеткен болатын. Сол кезде олардың трансферлік бағасы мансаптарындағы ең жоғары шекке жеткен еді.

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан қазір Біріккен Араб Әмірліктерінің «Аль-Айн» клубының ойыншысы. Оның трансферлік құны бірден 600 мың еуроға, 3 миллион еуродан 2,4 миллионға төмендеді.

Польшаның «Легия» клубында доп теуіп жүрген Георгий Жуковтың құны 300 еуро төмендеп, 1,2 млн. еуроға тұрақтады.

Ал бұған дейін 2 миллион еуроға бағаланған «Оренбург» ойыншысы Исламбек Куаттың қазіргі трансферлік құны 1,6 миллион еуро.

«Ростов» клубында өнер көрсететін Бахтиёр Зайнутдиновтың нарықтағы бағасы 200 мың еуроға төмендеді. Оның қазіргі тарнсферлік құны - бір жарым миллион еуро.

«Ертіс» соңғы үш жылда 2,3 миллиард теңгеге тоналған

Аты шулы Васильевтің «Ертістегі» мәнсабы ұзаққа созылмады

«Жалақымның 50 пайызын президентке беруім керек болды». Легионер «Ақтөбедегі» жемқорлық жайлы

Ресейлік футболшы ҚПЛ жайлы: Қазақстанда бапкерлер емес, агенттер бәрін шешеді