Қазақстандық ауыр атлет Анна Нұрмұхамбетова 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері атануы мүмкін. Допинг дауына байланысты екінші орын алған румыниялық Роксана Кокош жүлдесінен айырылады. IFW оның қанынан рұқсат етілмеген препараттар тапқан. Естеріңізге салатын болсақ Анна 2012 жылы бесінші орын алған. Кейін үшінші және төртінші орын алған спортшылар допингке байланысты жүлделерінен айырылған болатын. Енді румыниялық спортшы шеттетілетін болса Анна Нұрмұхамбетова Олимпиаданың күміс жүлдегері атануы мүмкін.