23 қаңтар күні Қостанайда ауыр атлетикадан Қазақстанның жекелей және командалық чемпионаты басталды.

Елішілік жарысқа 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатысады.

Турнирде жалпы есебі 257 спортшы бақ сынайды деп күтілуде. Зілтеміршілер он салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Ал республикалық турнир 28 қаңтар күні аяқталады.