Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин кәсіби спорттан кетуі мүмкін екенін айтып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

«Менің ойымша, Дохадағы турнирге сәтсіз қатыстым. Көңіл-күйім жоқ. Енді күш-қуатым қалпына келе қоймас. Ал алдағы ең үлкен міндетім, тым құрығанда Өзбекстандағы, содан кейін Нұр-Сұлтандағы турнирлерге дұрыстап қатысуым керек. Егер мен нәтижелер жағынан да, ұпайлар жағынан да өтпей қалсам, онда тақтайтұғырмен қош айтысудан басқа ештеңе қалмас. Себебі Олимпиаданың ауылы алыстай түседі», - деді Ильин.