Қазақстандық ауыр атлет Игорь Сон Қатар кубогы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

61 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Сон жұлқи көтеруде 124 келіні бағындырып, екінші орынға тұрақтаса, серпи көтеруде 154 келіні көтеріп, топ басынан көрінді. Қоссайыс нәтижесінде Игорь Сон 278 келі нәтижесімен биіктен көрінді.

Айта кету керек, Қатар кубогы лицензиялық турнир саналады.