19-24 желтоқсан күндері Катар астанасы Дохада ауыр атлетикадан Катар кубогы өтеді. Лиценpиялық турнир санатына жататын бәсекеге Қазақстан командасы да қатысады.

Аталған сында Қазақстан атынан төмендегі спортшылар бақ сынайды:

Ерлер: Игорь Сон (61 келі), Денис Уланов, Нижат Рахимов (екеуі де 81 келі), Илья Ильин (96 келі), Ибрагим Берсанов (109 келі).

Әйелдер: Екатерина Быкова (76 келі) және Раушан Мешітханова (87 келі).