Дохада ауыр атлетикадан лицензиялық Қатар кубогы турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасынан екі спортшы қатысты.

Нәтиже көңіл көншітерлік емес. Нижат Рахимов пен Денис Уланов жүлдеден тыс қалды. Рахимов 342 (150+192) келіні көтеріп, 7-ші орынға тұрақтаса, Уланов әупірімдеп жүріп 315 (140+75) келіні бағындырып, ондыққа енді.