8-12 ақпанда Ташкентте ауыр атлетикадан халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа Қазақстан атынан төрт спортшы қатысады.

Олар: Игорь Сон (61 келіге дейін), Илья Ильин (102 келіге дейін), Ибрагим Берсанов (109 келіге дейін) және Раушан Мешітханова (81 келіге дейін). Спортшылар қазір елімізде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.